01info.kz- ақпараттық портал

АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕМІС ЖАСТАРЫ ОДАҒЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

0 571

2026 жылғы 16-17 мамырда Астана қаласында «Жастар Құрылтайы: түп-тамырға үңілу арқылы болашақты құру. Диалог пен қозғалыстағы 30 жыл» атты халықаралық жастар форумы өтті. Іс-шара Қазақстанның неміс жастары одағының 30 жылдығына арналған.

Форумға «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев қатысты. Қатысушылар қатарында неміс делегациясының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары, қоғамдық құрылымдар, сарапшылар мен белсенді жастар бар.

Форумға Қазақстан, Германия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузиядан келген шамамен 90-ға жуық қатысушы жиналды. Негізгі талқыланған тақырыптар — тіл мен мәдени мұраны сақтау, мәдениетаралық диалог, ұрпақтар сабақтастығы және жастардың қоғамдық өмірдегі рөлі.

Форумның алғашқы күні тақырыптық және ашық пікірталастар, жастар жобаларының таныстырылымдары, World Café және co-creation форматындағы интерактивті сессиялар, сондай-ақ Қазақстанның неміс жастары одағының 30 жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Қатысушылар мәдени бірегейлікті сақтау, дәстүрге құрметпен қарау және жаңа идеяларға ашық болу қоғамдық белсенділікті арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруға негіз болатынын атап өтті.

Тақырыптық сессияларда жастардың қоғамдық өмірдегі рөлі, серіктестік байланыстарды дамыту, тілдік ортаны қолдау және тәжірибе алмасу мәселелері көтерілді. Сондай-ақ халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстанның неміс жастары одағы соңғы отыз жыл ішінде жастар қозғалысын дамытуға, елімізде неміс жастары клубтарын ашуға, тілдік лагерьлер ұйымдастыруға, білім беру және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келеді.

Қатысушылар жастар ынтымақтастығының болашағын талқылап, тәжірибе алмасып, мәдениетаралық және қоғамдық даму саласындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын қарастырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.