«Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Целиноград ауданы Ақмол ауылы мектеп-гимназиясында «Jas Star Talks» жобасы өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, сондай-ақ soft skills дағдыларын жетілдіру. Іс-шара барысында қатысушылар қоғамдағы бірлік пен келісім құндылықтары, жастардың дамуы, өзін-өзі жетілдіру және заманауи мүмкіндіктер туралы пайдалы ақпарат алды.
Жоба аясында түрлі сала өкілдері жастармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар заманауи қоғамдағы жастар үшін өзекті тақырыптарды талқылап, ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, жеке даму, көшбасшылық, өмірлік мақсат қою, дұрыс орта таңдау және қоғамға пайдалы азамат болу мәселелері қозғалды.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, жастар өз ойларын еркін айтып, сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Викториналық бөлім ұйымдастырылып, қатысушылардың қызығушылығы мен білімін арттыруға мүмкіндік берілді.
«Jas Star Talks» жобасы жастарға жаңа көзқарас қалыптастырып, олардың мотивациясын арттыратын, ашық диалог пен тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаң ретінде өз маңыздылығын көрсетті.