6 шілде – Елорда күні еліміз бойынша 448 нәресте өмірге келді. Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бала бар, сондай-ақ Астанада екі егіз сәби тіркелді.
Туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр (67 сәби). Одан кейінгі орындарда Алматы қаласы (44), Шымкент қаласы мен Алматы облысы (әрқайсысында 40-тан) тұр. Медициналық мекемелер мереке күні ана мен балаға қажетті көмекті толық көлемде көрсетті.
дереккөз: https://t.me/DenMinPR