01info.kz- ақпараттық портал

Ақтау – Үрімші және Астана – Ыстықкөл: FlyArystan жаңа бағыттарды іске қосты

фото: https://t.me/kolikpress
0 33

Қазақстанның әуе қатынасы қарқынды дамып келеді. ҚР Көлік министрлігінің бастамасымен еліміздің халықаралық бағыттары кеңейіп, шетелдік мемлекеттермен байланыс нығаюда. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі ретінде «FlyArystan» әуе компаниясының Қытай және Қырғызстан бағыттарындағы жаңа рейстерін атап өтуге болады.

Ақтау қаласынан Қытайдың Үрімші қаласына жасалатын тұрақты рейстер 2026 жылдың 26 маусымында басталды. Бұл бағыт бойынша жолаушылар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Airbus A320 әуе кемелерімен саяхаттай алады. Сондай-ақ, жазғы туристік маусымды ескере отырып, 3 шілдеден бастап Астана мен Ыстықкөл арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды. Бұл рейстер де аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері жүзеге асырылуда.

Аталған халықаралық әуе бағыттарының ашылуы Қазақстанның көршілес елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынасын тереңдетуге, іскерлік байланыстарды жақсартуға және туризм саласын дамытуға үлкен септігін тигізеді. Сонымен бірге, бұл жаңалық отандық және шетелдік жолаушылар үшін сапарлау географиясын арттырып, саяхаттау мүмкіндіктерін барынша қолайлы ете түседі. Жалпы алғанда, Қазақстанның көлік әлеуетін арттыруға бағытталған бұл жүйелі жұмыстар еліміздің халықаралық аренадағы орнын нығайтуға өз үлесін қоса беретіні сөзсіз.

дереккөз: https://t.me/kolikpress

Leave A Reply

Your email address will not be published.