01info.kz- ақпараттық портал

Алматы, Жамбыл және Жетісу өңірлерінде сел жүру қаупі бар

картинка ЖИ
0 17

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесі 3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қауіпті гидрометеорологиялық жағдайдың орын алуы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындар мен демалушыларды барынша сақ болуға шақырады.

Мамандардың айтуынша, бұл күндері ауа температурасының күрт көтерілуі және аймақта болатын қатты жаңбырлар таулы өңірлердегі қауіпті арттырып отыр. Аталған табиғи факторлардың әсерінен өзендердегі су деңгейінің кенеттен көтерілуі, беткейлік ағындардың пайда болуы, сондай-ақ жер көшкіндері мен сел жүру қаупі жоғары.

Осыған байланысты, таулы аймақтарға демалуға шығуды жоспарлап отырған азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет. Тұрғындарға өзен арналарына жақын орналасудан бас тартып, ауа райының өзгеруін үнемі қадағалап отыру, ал тау бөктерінде немесе өзен жағасында жүрген жағдайда кез келген қауіпті белгілер байқалған кезде дереу қауіпсіз жерге шығу ұсынылады.

Төтенше жағдайлар қызметінің ресми ақпараттары мен нұсқаулықтарына құлақ асып, сақтық шараларын назардан тыс қалдырмау өз өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.