01info.kz- ақпараттық портал

«Таза Қазақстан»: Еліміздің түлектері 100 мыңнан астам ағаш отырғызды

https://t.me/oqu_agartu
0 60

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі өтті. Осымен төртінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл ізгі бастама биыл кең ауқымды экологиялық қозғалысқа ұласты. Шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақтың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаға деген қамқорлық мәдениетін қалыптастыру.

Биылғы эко-челленджге 9 және 11-сыныптардың 100 мыңнан астам оқушысы қатысты. Мектеп бітіруші түлектер білім ордаларының аумақтарында, қалалық саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерде ағаш отырғызып, елді мекендерді көгалдандыру ісіне өзіндік үлестерін қосты. Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын «Келешек мектептері» жобасының оқушылары да жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі істі бастап берген болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы» аясында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл кезеңде «Халықаралық балалар кітабы күні», «Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні» және «Ұлттық кітап күні» сияқты маңызды республикалық акциялар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы шеңберінде мектеп аумақтары мен қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл бастамалардың барлығы өскелең ұрпақты еңбекке, кітап оқуға және экологиялық мәдениеттілікке баулуды көздейді.

дереккөз: https://t.me/oqu_agartu

Leave A Reply

Your email address will not be published.