Милан–Кортина төрінде Қазақстан байрағы биіктен көрінді. Парабиатлоннан 4,5 шақырымдық із қуу (pursuit) бәсекесінде отандасымыз Ербол Хамитов мәре сызығын бірінші болып қиып, Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды.
Бұл жеңіс – ұлттық құраманың мерейін асырған айтулы жетістік қана емес, отандық спорт шежіресіндегі ең жарқын парақтардың бірі. Қазақстанның атын әлемдік деңгейде паш еткен Ерболды тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
https://t.me/sport_comiteti/7941