01info.kz- ақпараттық портал

ҚТЖ-ның цифрлық трансформациясы: Әйелдер неге басты рөлде?

фото: https://t.me/PR_KTZh
0 32

ҚТЖ-да ASMAR қауымдастығымен бірлесіп, әйелдердің цифрлық трансформация мен ESG қағидаттарын іске асырудағы рөліне арналған конференция өтті. Жиынға мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП және бизнес өкілдері қатысып, көлік-логистика саласын жаңғыртудағы әйелдер үлесін талқылады. ASMAR басшысы Ләззат Рамазанова көшбасшылықты қолдау үшін ұлттық компаниялармен серіктестіктің маңыздылығын атап өтсе, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов әйелдерді теміржолдың зияткерлік экожүйесінің негізгі қозғаушы күшіне теңеді. Бүгінде компанияда 26 мыңға жуық әйел еңбек етсе, оның 2,5 мыңы басшылық лауазымдарда, ал кадрлық резервтегі қыздардың үлесі 20%-дан асады.

Цифрландыру мен орнықты даму стандарттарын енгізу нәтижесінде ҚТЖ S&P Global рейтингінде 75 балға дейін өсіп, әлемдегі үздік көлік кәсіпорындарының 3%-ына кірді. Сонымен қатар, компанияда Қазақстанның әйел теміржолшылар қауымдастығы құрылып, конференция аясында жасанды интеллект дәуіріндегі құзыреттілікті дамыту бойынша арнайы тренингтер ұйымдастырылды. Салалық сабақтастықтың символы ретінде төртінші ұрпағы теміржолда жұмыс істеп жүрген алғашқы қазақ машинисі Забира Жүсіпованың тарихы ерекше аталып өтті.

https://t.me/PR_KTZh

Leave A Reply

Your email address will not be published.