01info.kz- ақпараттық портал

Түркі әлемінің рухани көпірі: Сұлтан Раев Астанада дәріс оқыды

0 34

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының филиалы ұйымдастырған «Қаламгер ұстаханасы» жобасының кезекті дәрісі өтті. Өткен жылы бастау алған бұл жоба бүгінде халықаралық мәртебеге ие болды.

Кездесудің арнайы қонағы — белгілі қырғыз жазушысы, драматург, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев. Мәртебелі мейман «Әдеби процесс және интеграция» тақырыбында мазмұнды дәріс оқып, түркі тілдес халықтардың рухани байланысын сөз етті. Сондай-ақ ол ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен қазақ қаламгерлерінің еңбектері әлем тілдеріне аударылып жатқанын ерекше атап өтті.

Зиялы қауым мен жас оқырмандар қатысқан жиында әдебиеттің ұлттық тәрбиедегі рөлі талқыланды.

Еркін пікір алмасу форматында өткен шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, рухани азық алып қайтты. Бұл дәріс жас буынның ұлттық әдебиетке деген ынтасын арттыра түсті.

дереккөз: Астана қ. әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.