01info.kz- ақпараттық портал

Милан–Кортина–2026: Қазақстандық паралимпиадашылар Италия төрінде бақ сынайды

фото: ашық дереккөз
0 33

Италияда өтетін Милан–Кортина–2026 қысқы Паралимпиада ойындарының басталуына санаулы 4 күн қалды. 6–16 наурыз аралығында жалауы желбірейтін бұл байрақты дода Паралимпиада қозғалысының 50 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, биылғы дүбірлі жарыста Қазақстан намысын пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша 7 спортшы қорғайды.

Ұлттық құрама сапында тәжірибе мен жастықтың үйлесімі байқалады: команданың ең жас мүшесі – 17 жастағы Владислав Кобаль болса, ең ересек әрі тәжірибелі спортшы – 51 жастағы Сергей Усольцев. Сондай-ақ ел үмітін арқалаған саңлақтар қатарында Бейжің-2022 Паралимпиадасының қола жүлдегері Александр Герлиц пен пара шаңғыдан тұңғыш әлем чемпионы, «Хрусталь глобус» иегері Ербол Хамитов бар. Олармен бірге Нұрлан Әлімов, Юрий Березин және Анна Грачева сынды спортшыларымыз әлемнің 600-ден астам үздігі жиналатын айтулы сында 79 медаль жиынтығы үшін бақ сынайды.

https://t.me/ortcom_kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.