01info.kz- ақпараттық портал

«Қазақконцертте» «Astana sazy» ансамблінің жеке концерті өтті

фото: ҚР МАМ баспасөз қызметі
0 16

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Қазақ мемлекеттік фольклорлық «Astana sazy» ансамблінің «Аспаптар шеруі» атты жеке концерті өтті. Ұжым көрерменге қазақ музыкасының бай мұрасын ұсынды.

Байырғы дәстүрлі әуендер заманауи музыкамен үндесіп, фольк, этно-джаз, этно-панк және өзге де заманауи бағыттарда орындалды. Кеште күйлер шертіліп, халық әндері шырқалып, мың бұралған бишілер мазмұнды заманауи қойылымдар қойды. «Astana sazy» ансамблі тыңдарманды домбыра, қобыз, шертер, шаңқобыз, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау және өзге де дәстүрлі аспаптардың үнімен таныстырып, қазақ өнерін көпшілікке насихаттап келеді.

Дереккөз: ҚР МАМ баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.