01info.kz- ақпараттық портал

Миландағы гала-концертте Михаил Шайдоровқа Джеки Чан жоғары баға берді

Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық Олимпидалық комитеті
0 48

XXV қысқы Олимпиада ойындарының аясында Миланда өткен гала-концертте Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өнер көрсетті. Мұз айдынында 2026 жылғы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ танымал мәнерлеп сырғанаушылар бас қосты.

Ерлер арасындағы жарыстың жеңімпазы ретінде Шайдоров қорытынды бөлімде өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше шоу ұсынды. Ол танымал Kung Fu Panda кейіпкерінің образында мұзға шығып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Қойылымға жұптық сырғанаудан күміс жүлдегер Лука Берулава да қатысты.

Өнерін аяқтаған сәтте спортшыны қолында ойыншық пандасы бар әйгілі актер Джеки Чан құшақ жая қарсы алды. Гала-концерттің құрметті қонағы Шайдоровтың өнеріне жоғары бағасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.