01info.kz- ақпараттық портал

Медициналық білім сапасы басты назарда: Министрлік талаптарды күшейтті

фото: ашық дереккөз
0 42

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында қосымша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды қатаңдатты. Енді дәрігерлер мен орта медициналық персоналды оқытатын мекемелердің тізімі екі бөлек бағыт бойынша қатаң іріктеуден өтеді.

Жаңа қағидаларға сәйкес, білім беру орталықтарында міндетті аккредиттеуден бөлек, өздерінің клиникалық базасы немесе аккредиттелген емханалармен келісімшарттары болуы тиіс. Сонымен қатар, ұйымдар заманауи симуляциялық жабдықтармен, зертханалармен және халықаралық ғылыми дерекқорлармен қамтамасыз етілуі шарт. Білім беру орталықтарының жұмысы жүйелі түрде мониторингтен өтіп, көшпелі тексерулер арқылы бақыланып отырады.

Бұл реформа медицина мамандарының тек заманауи технологиялармен жабдықталған және ғылыми әлеуеті жоғары орталықтарда ғана білім алуын қамтамасыз етеді. Министрлік енгізген бұл ашық іріктеу жүйесі түптеп келгенде елдегі медициналық көмек көрсету сапасын нығайтуға бағытталған.

Дереккөз: ortcom.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.