01info.kz- ақпараттық портал

Сыйлықтың ең асылы – кітап: Аналар кеңесі игі дәстүрді жаңғыртты

фото: Шымкент "Қоғамдық келісім" КММ
0 61

Достық үйінде Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Шымкент қалалық   Аналар кеңесінің бастамасымен «Рухани құндылық – кітапта» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында арнайы шақырылған құрметті қонақтар сөз сөйлеп, кітаптың қоғамдағы рөлі, жастар тәрбиесіндегі маңызы және кітап сыйлау дәстүрін жаңғыртудың өзектілігі туралы ойларымен бөлісті.

Шымкент қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева кітаптың отбасы тәрбиесіндегі орны мен аналардың бала бойына кітапқа деген сүйіспеншілікті сіңірудегі рөлін атап өтсе, қалалық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрайымы, muzbalaq.kz сайтының бас редакторы Базаркүл Қалбыр заманауи медиакеңістікте кітап оқу мәдениетін насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, шетелдерде қазақ өнерін насихаттаушы Абылайхан Оспанов ұлттық әдебиет пен мәдениеттің халықаралық деңгейде дәріптелуі туралы мазмұнды пікір білдірді.

Іс-шара аясында қоғамдық құрылымдар өкілдері кітап сыйлау рәсімін өткізіп, өздері әкелген әдебиеттерін тарту етті.

Шымкент қаласы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.