Орталық сайлау комиссиясы 15 наурызда өтетін Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның күнтізбелік жоспарын бекітті. Науқанның негізгі кезеңдері төмендегідей:
-
12 ақпан – 14 наурыз (00:00): Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
-
21–22 ақпан: Референдум учаскелері туралы мәліметтерді жариялау және дауыс беру тізімдерін ұсыну;
-
27 ақпан – 4 наурыз: Азаматтарды дауыс беру орны мен уақыты туралы құлақтандыру;
-
14 наурыз: «Тыныштық күні»;
-
15 наурыз: Дауыс беру күні (сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін).
Референдумның ресми нәтижесі дауыс беру аяқталғаннан кейін 7 күн ішінде жариялануы тиіс. Айта кетейік, бүгін референдумға шығарылатын Жаңа Конституция жобасының мәтіні ресми түрде жарияланды.
дереккөз: https://www.youtube.com/watch?v=wWh6DO5SA34