01info.kz- ақпараттық портал

2026 жылғы пітір садақасы 735 теңге болып бекітілді

фото: ашық дереккөзден алынды
0 65

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мәжілісінің шешімімен 2026 жылғы Рамазан айына арналған пітір садақасы мен підия мөлшері белгіленді.

  • Пітір садақасы: 735 теңге (еліміз бойынша 2 кг ұнның орташа бағасы негізінде есептелді).

  • Підия мөлшері: 4 000 теңге (бір адамның бір күндік тамағы). Шамасы келмегендер оразаның әр күні үшін пітір құнын берсе болады.

Ауқатты жандар пітірді төмендегі бағалармен де бере алады:

  • Бидай (2 кг): 318 ₸

  • Арпа (4 кг): 514 ₸

  • Мейіз (2 кг): 6 400 ₸

  • Құрма (4 кг): 12 400 ₸

Беру уақыты: Пітір садақасын Рамазан айының бірінші күнінен бастап Айт намазына дейін беруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.