01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстан семсерлесу құрамасы Әлем кубогында алтыншы орын алды

фото: ҰОК
0 23

Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден ерлер арасында Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы командалық сайыста ширек финалға дейін жетті. Турнир барысында қазақстандық семсерлесушілер Португалия және Германия құрамаларын жеңіп, 1/4 финалда Швейцарияға жол берді. Қорытынды нәтижесінде ұлттық құрама алтыншы орынды иеленді.

Ел намысын Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғады.

Командалық жарыста Франция құрамасы чемпион атанса, Оңтүстік Корея күміс жүлдеге, ал Нидерланд қола медальға ие болды.

Жекелей сында қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов алтын медаль жеңіп алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.