01info.kz- ақпараттық портал

Геннадий Головкин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

фото: gggboxing
0 21

Ташкентте World Boxing халықаралық федерациясының президенті және Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен ресми кездесу өткізді. Ол туралы Г.Головкин әлеуметтік желідегі прақшасында жариялады.

Кездесу барысында тараптар олимпиадалық боксты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және екі ел арасындағы спорттық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Головкин Өзбекстанның әлемдік бокстағы стратегиялық рөліне ерекше тоқталып, елдің Азия аймағындағы боксты дамытудың маңызы мен әлемдік әрі құрлықтық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру тәжірибесін атап өтті.

Спортшы сондай-ақ Өзбекстан Президентіне жылы қабылдағаны үшін ризашылық білдіріп, халықаралық ұйым пен ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға дайын екенін жеткізді.

Бұл кездесу Азиядағы спорт саласындағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге және олимпиадалық бокс саласындағы ортақ жобаларды іске асыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.