01info.kz- ақпараттық портал

БОЛАШАҚ ҮШІН ӘРІПТЕСТІККЕ ҚАДАМ

0 27

Железин ауданында «№1 ЖОББМ» КММ-да аудандық білім беру бөлімі, Павлодар облыстық ҚХА Аналар кеңесі және Железин аудандық ҚХА Аналар кеңесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. 

Ынтымақтастықты ұйымдастыруға облыстық және аудандық Аналар кеңестері бастамашы болып, тәрбиелеу мен білім беру саласында күш біріктіру ұсынылды.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Р.К.Усина, аудандық білім беру бөлімінің басшысы М.К.Алшимбаева, Павлодар облыстық ҚХА Аналар кеңесі мен «НҰР-АНА әлемі» ҚБ төрағасы Б.Ш.Максилова, аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Ш.К.Нургалиева және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Құжат 33 білім беру ұйымын біріктіріп, мектеп, отбасы және қоғам арасындағы өзара әрекетті нығайтуға бағытталған жүйелі бірлескен жұмыстың негізін қалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.