01info.kz- ақпараттық портал

Жетісудегі Ассамблея жастарының “Достық шайы” акциясы

0 19

Жетісу облыстық “Ассамблея жастары” РҚБ мүшелері суық ауа-райына қарамастан өңірдегі ел үшін еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшылар мен бірқатар қызметкерлерге жылулық сыйлады.

Қаланың әр бұрышында еңбектеніп жүрген – жол қызметкерлері, сатушылар, қоғамдық көлік жүргізушілері және тағы да басқа жұмысшы мамандықтарының иелеріне шексіз алғыстарын жаудырған Ассамблея жастары аталмыш акция аясында ыстық шайлары мен жүректеріндегі жылулықтарымен бөлісті. 

“Суықта сыртта еңбек етіп жүргендер үшін бұл сәтте жылы сөздер мен қолдаудың маңызы зор! Біріміз күш-жігер беріп, қолдау көрсетсек, екіншіміз ыстық шай беріп, жылы лебіздерімізді жеткіздік. Жылы жүректер мен мейірімнің күші бәрінен де маңызды!” — деді Жетісу облысының белсенді жастары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.