01info.kz- ақпараттық портал

Ертегі есігі ашылған күн

0 4

Атырауда облыстық ҚХА ерекше балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық жаңа жылдық шара өткізді.

Іс-шара Атырау облысы ҚХА «Алия» еврей, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестіктері және «Республикалық Дүнген этномәдени бірлестігі» РҚБ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Балалар үшін Аяз ата мен Ақшақардың жылы құттықтауы ұйымдастырылып, нағыз ертегілік атмосфера қалыптасты.

Кеш барысында театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, қызықты ойындар ойнатылды. Ерекше мерекелік көңіл күйді «Вершина» мәдени-демалыс орталығы мен «Зеркало» миниатюра театрының жас актерлері ұсынған театрландырылған көріністер айрықша толықтырды. Қойылымдар көркемдік жетекші Татьяна Капуованың жетекшілігімен сахналанып, бағдарлама мазмұнды, әсерлі әрі жарқын өтті. Ол балаларға шаттық сыйлап, жүздеріне күлкі ұялатты.

Балаларға жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер таратылып, әрбір сәт қуаныш пен күлкіге толы болды. Шараға барлығы 150 бала және олардың ата-аналары қатысып, мерекеден ерекше әсер алды.

Ұйымдастырушылар бұл бастаманың басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, жаңа жылды жылулық пен қамқорлыққа толы естелікке айналдыру екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.