01info.kz- ақпараттық портал

Жапонияда 7,5 магнитудалық зілзала: 90 мың адам эвакуацияланды

фото: Ашық дереккөз
0 18

Жапонияда қуаты 7,5 магнитудалық жер сілкінісі болып, салдарынан кемінде 30 адам ауыр жарақат алды. Жер асты дүмпулері елдің солтүстік-шығысындағы Аомори префектурасы маңында тіркелген, деп хабарлайды 01info.kz.

Зілзала теңіздегі жағдайды ушықтырып, жағалау аймақтарында толқын көтерілген. Құзырлы органдар цунами қаупін жариялап, толқын биіктігі 3 метрге дейін жетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ең жоғары қауіп Аомори, Иватэ және Хоккайдо префектураларында сақталуда.

Билік шұғыл түрде 90 мыңнан астам адамды қауіпсіз аймаққа көшіру туралы шешім қабылдады. Құтқару қызметтері өңірде қосымша күш тартып, ахуалды жіті бақылауда ұстап отыр. Жапония билігі тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.