01info.kz- ақпараттық портал

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

0 282

Түркістан қаласында «Халықаралық туризм жəне меймандостық университеті» мен облықтық ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «ЗАМАНАУИ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯ: ЖАҺАНДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР, ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – туризм саласындағы жаһандық үрдістер мен өзекті мәселелерді талқылау, тұрақты туризмді дамыту тетіктерін айқындау және цифрландыру жағдайында тәжірибе алмасу болды.

Конференция жұмысы аясында пленарлық отырыс өткізіліп, онда Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген ғалымдар мен сарапшылар баяндамалар жасады. Қатысушылар туризм индустриясындағы кадр даярлау мәселелері, экотуризмді дамыту,  тарихи ынтымақтастықты дамыту, мәдени мұраны сақтау, сондай-ақ саланы цифрландыру мен басқарудың заманауи тәсілдері бойынша өз пікірлерін білдірді.

Іс-шараға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, жоғары оқу орындарының өкілдері мен сала мамандары қатысты.

Жиында «Халықаралық туризм жəне меймандостық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы — Ректоры м.а. Бекежан Мырзаев және Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы орынбасары Ерназар Баетов сөз сөйледі.

Түркістан облысы тарихи-мәдени мұраға бай, бірлігі мен татулығы жарасқан, туристік әлеуеті жоғары өңір ретінде отандық және халықаралық туризмді дамытуда маңызды орын алады. Осыған байланысты өңірде туризмді жүйелі дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру және қызмет сапасын арттыру мәселелері өзекті болып отыр.

Конференция қорытындысы бойынша туризм индустриясын дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленіп, ғылыми және тәжірибелік ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігі атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.