Жамбыл облыстық Достық үйі жанынан құрылған «Мәміле» клубының кезекті отырысы Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне орайластырылды.
Іс-шара аясында клуб мүшелері Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Даңқ залына» барып, Отан тарихына арналған құнды деректермен танысты.
Музейдің экскурсия жетекшісі Қ.Қырықбаева қатысушыларға мазмұнды экскурсия жүргізіп, соғыс жылдарындағы ерлік шежіресіне қатысты тарихи мәліметтерді кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлы музейінің ғылыми қызметкері Ж.Алдабеков жастарға арналған тағылымды кездесуде даңқты қолбасшының өмір жолы мен ерлігі, оның әскери мұрасының маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында жастар патриоттық тәрбие мен тарихи сананы нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, батыр бабалар ерлігін ұлықтауға арналған мұндай шаралардың тәрбиелік мәні жоғары екенін жеткізді.