Мен күн сайын әділетсіздіктен көз ашпайтын «Қасапстанда»емес адам құқықтары бағаланатын Қазақстанда өмір сүргім келеді!
🇰🇿Парақор, әділетсіз, заңды бұрмалайтын, туыстық қатынастар бойынша мәселені шешуге тырысатын, жауапкершіліктен қашатын қызметкерлер түгел қызметтен кетуі тиіс! Қазақ өтпелі кезеңде тұр.
Бірің қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.
Малыңды жауға,
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға, татулас.
Өтірік, ұрлық,
Үкімет зорлық
Құрысын, көзің
Ұятың, арың оянсын,
Бұл сөзімді ойлансын…
Ұрпағынан үміті жоқтар отыр ма бұл елде? Ұлт тағдырын ойлаған азаматтар бұлай етпесе керек-ті.
Қазақ, бауырмашылдықтан, мейірімнен кетіп бара жатқандаймыз.
Дүниеқоңыздық пен қызмет түлкінің соңына жеткен ешкім жоқ.
Оянсаңшы, Қазағым!
Авторы Тараз қалалық мәслихат депутаты Әсел Жапарова