01info.kz- ақпараттық портал

Ұлан-Батырдағы бәсеке: Самирхон Абабакиров Азия чемпионатының жүлдегері атанды

фото: Спорт және дене шынықтыру комитеті сайты
0 49

Ұлан-Батырда өтіп жатқан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасы тағы бір жүлдеге ие болды. Жазғы Универсиада чемпионы Самирхон Абабакиров (-63 кг) жартылай финалда ирандық Мехди Хаджи Мусаиге 0:2 есебімен жол беріп, қола медальді қанағат тұтты. Ол бұған дейінгі іріктеу кезеңдерінде БӘӘ және Индонезия спортшыларын сенімді жеңген болатын.

Жарыстың бұл күні бақ сынаған өзге отандық спортшылар — Айдана Сүндетбай (-53 кг) ширек финалда, ал Акрамат Долгиев (-63 кг), Мейір Нұрғазин (-87 кг), Азиза Қаражанова (-53 кг) және Аяулым Асқар (-67 кг) 2-кезеңде жарыс жолынан шығып қалды.

Қазіргі уақытта Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынында 4 қола медаль бар. Бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (-54 кг), Эльдар Бірімбай (-74 кг) және Назым Махмутова (-73 кг) үздік үштіктен көрінген еді.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Leave A Reply

Your email address will not be published.