01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстанның жаңа қуат көздері: Экспортқа шығу мүмкіндігі жақын ба?

фото: primeminister.kz
0 19

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында Қазақстанның энергетика саласын дамытудың стратегиялық жоспарлары сараланып, 2027 жылдың бірінші тоқсанына қарай елімізді энергия тапшылығынан толық шығару міндеті қойылды.

Қазіргі таңда жалпы инвестиция көлемі 13 триллион теңгеден асатын 81 ірі жоба жүзеге асырылуда, бұл жұмыстар 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне қол жеткізуге және мемлекеттің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Саланы жаңғырту аясында 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт-тан астам қуат өндіру көздерін іске қосу, соның ішінде Екібастұз ГРЭС-3, Курчатов қаласындағы жаңа станса, сондай-ақ Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы жылу электр орталықтарын салу жоспарланған. Сонымен қатар «KEGOC» компаниясы арқылы «Шу – Жамбыл – Шымкент» және «Өлке – Қарабатан» бағыттары бойынша жоғары вольтты желілер тартылып, еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінің энергия жүйелері нығайтылады. Премьер-министр саладағы жобалардың мерзімінен кешігуін қатаң сынап, Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» басшыларына әрбір нысанның құрылыс барысына тікелей жауапты екенін және барлық жұмыстардың ешқандай кідіріссіз, белгіленген кестеге сай орындалуы тиіс екенін ескертті.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Leave A Reply

Your email address will not be published.