Іс-шараға «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев, Қазақстан күрдтері «Барбанг» қауымдастығы Басқарма кеңесінің төрағасы Рафик Мирзоев, «Қазақстан Республикасы армян мәдени орталықтары қауымдастығы – Наири» ЗТБ төрайымы Наринэ Микаелян, сондай-ақ ҚХА мүшелері, ЭМБ төрағалары, Студенттік Ассамблеялардың жетекшілері, G35 өкілдері, ҚХА қоғамдық құрылымдары мен жастар қанатының өкілдері қатысты.
Жылсайынғы ауқымды жобаларды ұйымдастыруға қатысты мәселелер қаралды. Олардың қатарында: ҚХА-ның «Jastar Generation 2026» халықаралық жастар лагері, Алматы қалалық Мәслихатымен бірлесіп «Қайраткер» жас саясаткер мектебінің II легін іске қосу, «Қазақстан жастары – креатив амбассадоры» атты студенттерге арналған креативті ойлауды дамыту тренингтер сериясы, Жас креаторлар форумы, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Рақмет, Жер Ана», «Ағаштарға қамқор бол» іс-шаралары, Тәуелсіздік күніне арналған жас ғалымдар байқауы және т.б. шаралар бар. Сондай-ақ Алматы қаласындағы студенттік ассамблеялар ашу жоспарланған ЖОО-лардың тізімі анықталды.
Кеңесте ҚХА мүшелері Рустам Қайрыев, Мурад Шамилов, Анна Торосян, Фарида Ғазизова, Семен Шихотов, этномәдени бірлестіктер жастарының өкілдері Кристина Либрихт, Максим Ким, Сардор Бердібаев, Беслан Хусейнов, Әмина Ғабдрафикова, студенттік ассамблеялардың жетекшілері Бекзат Амангелді, Медина Асхат және басқалар бірқатар ұсыныстарын айтты. Жұмыс кеңесін «Ассамблея жастары» РҚБ Алматы қаласындағы Өкілдігінің төрағасының орынбасары Омар Мохаммедсаруар жүргізді.
Жиын барысында Алматы қаласы ҚХА жастарының алдағы жұмыстары, олардың республикалық және халықаралық жобаларға қатысуы, сондай-ақ қала ЖОО-ларында студенттік ассамблеяларды дамыту мәселелері талқыланды.