01info.kz- ақпараттық портал

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚХА “ЖОМАРТ ЖАН” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 2025 ЖЫЛЫ 5400 МҰҚТАЖ ЖАНҒА 270 МЛН 300 МЫҢ ТГ КӨЛЕМІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

0 48

Достық үйінде Жамбыл облыстық ҚХА “Жомарт жан” қайырымдылық орталығының қорытынды отырысы өтті.

Жиында орталықтың 2025 жылы атқарған жұмыстары сараланып, негізгі нәтижелер мен жетістіктер талқыланды.

«Жомарт жан» қайырымдылық орталығының өңірлік ҚХА жанындағы төрағасы Ж.Аббосовтың айтуынша, өткен жылы орталық мүшелері және этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен 5400 мұқтаж жанға жалпы сомасы 270 млн 300 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілген.

Отырыс барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы М.Жинақбаева қайырымдылық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы бастамалардың маңызына тоқталды.

Меценаттардың, орталық мүшелерінің және ЭМБ өкілдерінің ізгі істері, «Еңбек елдің – ертеңі» жобасын жүзеге асырудағы белсенділігі, әлеуметтік және қайырымдылық шараларды ұйымдастырудағы еңбегі жоғары бағаланды.

Жиын барысында орталықтың 2026 жылға жоспары талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Алғыс айту күніне орай «Қайырымдылық керуені» акциясын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.