Батыс Қазақстан облысында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтардың жыл қорытындысына арналған «JRO BELGISI – 2025» арнайы сыйлығын табыстау рәсімі өтті.
Бұл іс-шара жастардың жыл бойы атқарылған еңбектерін бағалап, жастар саясатына үлес қосқан белсенді әрі жауапты мамандарды марапаттауға арналған маңызды алаң болды.
Нәтижелі жұмыс пен табандылық өз бағасын алды. Аталған шараға БҚО ҚХА жанындағы «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Элгун Джаналиев қолдау білдіріп, жастар саясатын дамытуға бағытталған бастамалардың маңызын атап өтті.
Бірлік пен серіктестікке негізделген жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.