15 күн бойы сатылымда тұрған Қараөткелдегі жертөлесі бар зәулім үй бағаны көтеру форматында аукционға қойылды. Алайда сауда басталған 25 ақпан, сағат 10:00-де ешкім «Мен аламын!» деп өтініш қалдырған жоқ.
Аукционның ресми деректері мынадай:
•Сауда нөмірі: 338261
•Нысан: Жертөлесі бар тұрғын үй
•Бастапқы бағасы: 1 883 338 958,00 теңге
•Кепілдік жарна: 117 960 000,00 теңге
•Формат: Бағаны көтеру аукционы
•Өтетін орны: E-Qazyna платформасы
Қатысқысы келгендер алдымен E-Qazyna жүйесіне тіркеліп, 117,9 миллион теңге кепілдік жарна аударып, ставка қоюы керек болған. Бірақ, үйдің болашақ иесі әлі табылмай тұр.
Енді не болады?
Аукцион қайтадан өтеді. Егер тағы да сатып алушы табылмаса, бағасы түсірілуі мүмкін. Ал сіз мұндай үйді қанша теңгеге бағалар едіңіз?