Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты жедел штаб отырысы өтті. Штаб құрамына Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК және әуе компаниялары – Эйр Астана, Fly Arystan, SCAT, Vietjet Қазақстан – кірді.
Отырыс барысында тоқтатылған рейстердің жолаушыларын қолдау, баламалы және қауіпсіз әуе бағыттарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта Иран, Израиль, БАӘ, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Сауд Арабиясы, Катар, Оман, Ирак және Ливанда әуе кеңістігі жабық немесе тұрақсыз. Осыған байланысты 28 ақпанда 14 рейс, 1 наурызда 12 рейс тоқтатылды.
Жедел штаб тұрақты мониторинг жүргізіп, әуе компанияларымен бірлесіп азаматтарды Қазақстанға қайтару шараларын ұйымдастыруда. Жолаушыларға жедел көмек көрсету үшін «Авиациялық әкімшілік» АҚ тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді:
+7 7172 77 98 21, +7 7172 79 82 13, +7 7172 79 82 14
Рейстер мәртебесі бойынша байланыс:
-
Air Astana: +7 727 244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77
-
FlyArystan: +7 727 331 10 10, WhatsApp +7 702 702 02 27
-
SCAT Airlines: +7 7252 99 88 80
-
Qazaq Air: +7 727 356 14 14
-
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы: +7 7172 702 999
-
Алматы халықаралық әуежайы: +7 727 228 00 19
дереккөз: https://t.me/kolikpress