01info.kz- ақпараттық портал

Инсультпен күрес: Халықаралық воркшоп және оң динамика

фото: ДСМ баспасөз қызметі
0 12

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Angels Initiative мен Қазақ инсультологтар лигасының ұйымдастыруымен «Train the Trainer Workshop» халықаралық воркшопы өтті. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер мен Орталық Азияның 7 мемлекетінен келген мамандар жедел инсульт кезінде көмек көрсетудің озық тәжірибелерімен бөлісті.

Қазіргі таңда Қазақстанда 85 инсульт орталығы жұмыс істейді, бұл халық қажеттілігін толық өтеп отыр. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде инсульттен кейінгі диспансерлік есепке алу мерзімі 15 күнге дейін қысқартылып, тромболизис жүргізу үлесі 11%-ға артты. Мемлекеттік шаралардың арқасында 2026 жылдың алғашқы екі айында қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 16,3%-ға төмендеді. Воркшоп аясында мамандар интерактивті мастер-кластар арқылы командалық жұмыс пен жедел шешім қабылдау дағдыларын жетілдірді.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.