01info.kz- ақпараттық портал

Жол азабы жеңілдейді: Қызылорда мен Жезқазған арасындағы жаңа жол қашан ашылады?

фото: railgallery.ru
0 551

Қазақстанда көлік инфрақұрылымын дамытудың ауқымды кезеңі басталды. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың Үкімет отырысындағы баяндамасына сәйкес, биыл бірқатар стратегиялық маңызды теміржол желілерінің құрылысы аяқталады. Атап айтқанда, Қызылжар – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал желілері мен Алтынкөл – Жетіген, Жезқазған – Сексеуіл учаскелерін жаңарту жұмыстары қорытындыланбақ. Бұл теміржол қатынасын жеделдетіп, транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Автожолдар саласында да ірі өзгерістер күтіп тұр. Халық көптен күткен Қызылорда – Жезқазған жолының құрылысы 2026 жылдың соңына дейін толық аяқталып, қозғалыс ашылады. Сонымен қатар, биыл Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы төрт жолақты жолдың құрылысы мен Бейнеу – Сексеуіл жобасының дайындық жұмыстары басталды. Екінші жартыжылдықта Қарағанды – Жезқазған және Сарыағаш қаласын айналып өтетін жолдардың құрылысына кірісу жоспарланған. Барлық ірі жобалар халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырылуда.

Авиация саласында Қазақстанның әлемдік нарықпен байланысы нығая түспек. Биыл Вена, Рим, Шанхай сияқты ірі қалаларға жаңа халықаралық рейстер ашылады. Елімізді аймақтағы ірі авиахабқа айналдыру мақсатында FedEx, UPS, DHL секілді әлемдік жүк тасымалдаушы алпауыттарды тарту жұмыстары жүріп жатыр. Өткен жылы әуежайларда өңделген жүк көлемі 173 мың тоннаға жетіп, рекордтық көрсеткішті көрсетті.

Дереккөз:  Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Leave A Reply

Your email address will not be published.