01info.kz- ақпараттық портал

Жастарға қолдау: БҚО-да «Жыл үздігі» сыйлығы табысталды

фото: БҚО әкімдігі ресми сайты
0 14

Батыс Қазақстан облысында жастардың қабілеті мен белсенділігін қолдауға бағытталған «Жыл үздігі – 2025» жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды 01info.kz.

Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ерекшеленген жастарды құттықтады. Өңір басшысы марапаттау рәсімі аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары мен «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша жас отбасыларына тұрғын үй кілттерін табыс етті.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша жастар әртүрлі номинацияларда үздік шықты. Жүлделер «Үздік жас ақын», «Үздік студент», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік ауыл патриоты» сияқты және басқа да бірқатар аталымдар бойынша тапсырылды.

«Жыл жаңалығы» аталымы бойынша Тасқала ауданының тумасы, «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Еркін Тапалов марапатқа ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.