01info.kz- ақпараттық портал

Жасанды интеллект – мектеп бағдарламасында: «Day of AI Qazaqstan» жобасы басталды

фото: aigolova.ru
0 31

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Массачусетс технологиялық институтымен (MIT) бірлесіп, мектеп бағдарламасына «Day of AI Qazaqstan» жобасын енгізуде. Бастама оқушылардың жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы базалық сауаттылығын арттырып, технологияның жұмыс істеу қағидаттары мен этикалық жауапкершілігін түсіндіруге бағытталған. Бұл бағдарлама информатикамен шектелмей, математика, физика, химия және биология сияқты негізгі пәндерді ЖИ құралдары арқылы оқытудың жаңа форматтарын қалыптастырады.

Жобаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: алдымен мұғалімдер мен оқушылардың ЖИ сауаттылығының негіздері қаланса, кейін барлық сыныптар үшін толыққанды пәнаралық оқу бағдарламасы іске қосылады. Педагогтерді даярлау каскадтық модель бойынша жүргізіліп, MIT-ден сертификат алған көшбасшы мұғалімдер өз білімін әріптестеріне таратады. ЮНЕСКО мен ЭЫДҰ-ның халықаралық стандарттарына сай әзірленген бұл оқу модульдері әр тоқсан сайын 8-10 сабақтан тұратын болады. Бағдарламаны еліміздің оқу процесіне толық енгізу 2028 жылдың тамызына дейін аяқталады деп жоспарланған.

дереккөз: https://t.me/oqu_agartu

Leave A Reply

Your email address will not be published.