01info.kz- ақпараттық портал

Жаңатастағы қатты жел: Сарысу ауданында жедел штаб құрылды

фото: jambylinfo.kz (видеодан скриншот)
0 26

2026 жылғы 6 ақпанда Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында екпіні 32 м/с-қа дейін жеткен қатты дауыл салдарынан бірнеше нысан зақымданды.

Төтенше жағдайдың салдары: Қатты желдің әсерінен көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары жартылай ұшты. Атап айтқанда:

  • 1-шағын аудандағы №32, 33, 34, 35 үйлер;

  • 3-шағын аудандағы №6 үй;

  • 4-шағын аудандағы №15 және №15 «а» үйлер зақымдалған.

Сонымен қатар, Бейбітшілік көшесіндегі ту тұғыры құлап, аудан көлемінде электр жарығы уақытша өшті. Қуанышқа орай, зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат түскен жоқ.

Атқарылып жатқан шаралар: Орын алған жағдайға байланысты аудан әкімдігінде арнайы жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта мамандар келтірілген шығынды зерделеп, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.

Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынды.

Дереккөз: https://t.me/zhambylgovkz

Leave A Reply

Your email address will not be published.