01info.kz- ақпараттық портал

Жаңа жылдың алғашқы сүйіншісі: Алматы облысында 17 сәби дүниеге келді

фото: Ашық дереккөз
0 3

2026 жылдың алғашқы түні Алматы облысы үшін ерекше берекелі болды. 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні өңірдегі медициналық ұйымдарда 17 нәресте дүниеге келді: олардың 12-сі — ұл, 5-і — қыз бала, деп хабарлайды 01info.kz Алматы облысы әкімдігі  сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің мәліметінше, барлық босану процесі жоспарлы түрде, ешқандай төтенше жағдайсыз өткен. Медициналық көмек бекітілген стандарттарға сай тәулік бойы көрсетілді. Қазіргі таңда аналар мен жаңа туған сәбилердің жағдайы тұрақты, олар мамандардың жіті бақылауында.

Айта кетерлігі, былтырғы Жаңа жыл түні облыста 11 сәби туылған болатын. Биылғы көрсеткіштің 6 балаға артуы өңірдегі демографиялық өсімнің оң динамикасын айқын көрсетеді.

Мереке күндері Алматы облысының барлық перзентханалары мен перинаталдық орталықтары күшейтілген режимде қызмет етті. Медициналық персоналдың кезекшілігі толықтай ұйымдастырылып, ана мен балаға сапалы көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалды.

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау — басты басымдық екенін және қауіпсіз босану мен тиісті күтім жасау мәселесі тұрақты назарда болатынын мәлімдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.