01info.kz- ақпараттық портал

Жаңа жыл – жаңа мәдениет: Алматылықтар мерекеден кейін алаңды өздері тазалады

Алмаиы қаласы әкімдігі сайты
0 3

Алматыда Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты шара аяқтала салысымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы бастау алды. Қалалық коммуналдық қызметтер жедел түрде жұмысқа кірісіп, алаңдар мен көшелерді қоқыстан тазартып, қоғамдық орындарды қалпына келтірді, деп хабарлайды 01info.kz Алматы қаласы әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, бұл игі бастамаға тек арнайы мамандар ғана емес, концертті тамашалауға келген тұрғындар мен қала қонақтары да белсенді атсалысты. Мерекелік көңіл күйді экологиялық жауапкершілікпен ұштастырған алматылықтар қала тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл қадам – Алматының жаңа жылды тек көңілді кешпен ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға деген жоғары мәдениетпен және зор жауапкершілікпен қарсы алғанының айқын айғағы болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.