Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Токиода өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында жетістікке жеткен өңір спортшыларымен кездесті, деп хабарлайды 01info.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан жалпы есепте 25 медальмен (8 алтын) 9-орын алды.
Жамбыл облысынан қатысқан 12 спортшы 6 медаль (1 алтын, 3 күміс, 2 қола) еншіледі.
- Дзюдодан Айдос Түгелбаев бастаған ерлер командасы алтын медаль иеленді.
- Еркін күрестен Ғабит Есжанов (күміс) және Ғасыр Тұрғынбай (қола) жүлде алды.
- Дзюдодан Анна Краморова мен Фериде Кара Оглы командалық күміс және жекелей қола медаль алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Тараз қаласынан пәтер сертификаттары және Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына жолдамалар табысталды.