01info.kz- ақпараттық портал

Заманауи қазақ прозасы: Үздік романдар анықталды

фото: МАМ баспасөз қызметі
0 156

Алматы төрінде отандық прозаны серпілтуге бағытталған «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби жобасының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен бұл айтулы шарада 3000-нан астам өтінім ішінен оқ бойы озық шыққан сегіз автордың еңбегі еленді.

Байқаудың Бас жүлдесін «Кельндегі көкжал» романы үшін белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек иеленіп, жеңімпаз туындының алдағы уақытта экранизацияланатыны белгілі болды. Сонымен қатар Думан Рамазан, Қуаныш Жиенбай, Нұржан Қуантайұлы, Асқар Алтай, Мұрат Алмасбек, Қуат Бораш және Айым Ақылтай сынды қаламгерлердің шығармалары арнайы жүлдеге лайық деп танылып, әрқайсысы 1000 дана таралыммен жарық көрді.

Уақыт тынысы мен адам тағдырын шебер өрнектеген бұл жоба заманауи қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, жаңа есімдер мен соны туындылардың оқырманға жол тартуына айрықша серпін берді.

фото: МАМ баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.