01info.kz- ақпараттық портал

Ұлттық қор – балаларға: Үш жылда 7 миллион баланың шотына 2,5 млрд доллар аударылды

фото: https://t.me/ortcom_kz
0 72

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының үш жылдық қорытындысы бойынша еліміздегі 7 миллион баланың шотына 2,5 миллиард доллардан астам қаражат аударылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл жоба ұлттық байлықты әділ бөлу арқылы өскелең ұрпаққа тең мүмкіндіктер беруді көздейді. Мәселен, 2026 жылы бағдарламаға 2008-2025 жылдар аралығында туған 6,9 миллионнан астам бала қатысып, жылдық инвестициялық табыс есебінен әрқайсысына 130,71 доллар көлемінде қаражат есептелді.

Ал биыл кәмелет жасына толған 356 мыңнан астам азамат үшін жалпы сомасы 132,1 миллион доллар қарастырылған. Бағдарламаның маңызды ерекшелігі – қаражаттың капиталға айналуында; үш жыл ішіндегі (2024-2026 жылдар) инвестициялық кірісті ескергенде, әр балаға шақталған жинақтың жалпы сомасы 370,56 долларға жетті.

Бүгінде бұл қаражат жастардың өмірлік қажеттіліктерін шешуге нақты көмек болуда. Статистикаға сүйенсек, мақұлданған өтінімдер бойынша қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 26,3 миллион доллар тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал 15,5 миллион доллар білім алу ақысын төлеуге бағытталған.

https://t.me/ortcom_kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.