01info.kz- ақпараттық портал

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының үш жылдық қорытындысы

фото: www.samlaw4you.com
0 43

Қазақстан Ұлттық Банкі Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі, оны қоса алғандағы балаларға арналған кезекті нысаналы талаптардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептелгенін ресми түрде хабарлайды. Аталған бағдарлама аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 АҚШ долларынан қаражат аударылды. 2025 жылдың соңындағы мәліметке сәйкес, бағдарламаға қатысушы балалардың жалпы саны 6 918 656 болды. Айта кетерлігі, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2024 жылы 1 қаңтарда іске қосылып, сол жылы әр балаға 100,52 АҚШ долларынан бөлінген болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 129,38 АҚШ долларын құраған еді.

Балаларға есептелетін сома көлемі жыл сайын Ұлттық қордың ұзақмерзімді инвестициялық табысының жартысынан және қордағы валюта активтерінің көлеміне қарай қалыптасып отырады. Сонымен қатар алдыңғы жылдары балалардың шотына есептелген қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қор портфелінде инвестициялана береді және сол арқылы қосымша табыс әкеледі. Инвестициялық табыстың көлемін ескергенде, үш жылдан бері бағдарлама іске асқалы жинақталған жалпы сома бір балаға 370,56 АҚШ долларына жетті. Тиісті ақпаратпен электронды үкіметтің eGov mobile мобильді қосымшасында және kids.enpf.kz сайтында 2026 жылғы 31 қаңтарда танысуға болады. Толығырақ ақпарат алу үшін БАҚ өкілдері 8 (7172) 77–52–10 телефоны, press@nationalbank.kz электронды поштасы немесе www.nationalbank.kz ресми сайты арқылы хабарласа алады.

Дереккөз: «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы талаптардың 2025 жылға есептелгені туралы | Ұлттық Банктің ақпараттық хабары | Қазақстан Ұлттық Банкі

Leave A Reply

Your email address will not be published.