01info.kz- ақпараттық портал

Түркістандық «Мессилер» қайда жаттығады? Жаңа футбол академиясы ашылуға жақын

фото: Түркістан қ. әкімдігі сайты
0 1 055

Мемлекет басшысының елімізде футбол инфрақұрылымын дамыту және жаңа стадиондар салу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда өңірде жеке инвесторлардың қолдауымен Бекзат Саттарханов атындағы балалар футбол мектебінің құрылысы аяқталуға жақын. Нысанның барысын қадағалаған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапасына баса мән беріп, бұл орталық балалар спортын дамыту мен ұлт саулығын нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

3 гектар аумақты алып жатқан заманауи спорт кешені болашақ кәсіби футболшыларды тәрбиелеуге бағытталған. Құрылыс барысында 200 орындық жатақхана мен 550 адамға арналған оқу ғимараты толық аяқталды. Сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай келетін 68×120 метрлік ашық футбол алаңы пайдалануға берілу алдында тұр. Жобаның келесі кезеңінде қосымша ашық алаңдар мен жабық спорт кешенін салу қарастырылған.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауындағы бұл бастама жергілікті таланттардың үлкен спорт ареналарына жол ашуына мүмкіндік береді. Жаңа мектеп тек спорттық нысан ғана емес, жасөспірімдер арасында футболды кеңінен насихаттайтын негізгі орталыққа айналмақ.

Дереккөз: Түркістан қ. әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.