Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан қ. Достық үйінде «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне арналған кездесу өтті. Іс-шараны облыстық ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Мақсаты – ата-бабадан аманат болған салт-дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттау.
Жиынды облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева жүргізді. Кездесу барысында ұлттық дәстүрлер туралы бейнеролик көрсетіліп, ақжаулықты әжелер шашу шашып, ән шырқап, жиынға ерекше ұлттық рух сыйлады. Қатысушы жастарға «Бестемше», «Асық ату» ойындарының ережелері түсіндіріліп, іс жүзінде ойнап көрді.
Іс-шараға арнайы шақырылған спикерлер:
-Нұржамал Көбейқызы – «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ардагер әжесі, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәні туралы ой бөлісті;
-Тұрар Сәрсенбайұлы – ҚР Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын, Түркістан қ. білім бөлімі өнер мектебінің директоры, ұлттық өнер мен рухани мұраның маңызын атап өтті;
-Қашымхан Боранбайұлы – Қожа Ахмет Ясауи ат. ХҚТУ доценті, Тоғызқұмалақ қайраткері, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығының директоры, ұлттық зияткерлік ойындардың тарихы мен тәрбиелік мәніне тоқталды;
-Нұрбек Әлібекұлы – облыс бойынша «Асық ату» ұлттық спортының бас маманы, ұлттық спорт түрлерінің жастар тәрбиесіндегі рөлі туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, шараға атақты айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков қатысты.