01info.kz- ақпараттық портал

Тропиктен тауларға: AirAsia Алматыны әлемге қалай танытуда?

фото: Алматы қ. әкімдігі сайты
0 22

Алматының асқақ таулары мен табиғи сұлулығы енді Оңтүстік-Шығыс Азияның ең ірі мегаполистері — Сингапур мен Куала-Лумпур көшелерінде жарқырап, Алматы қалалық Туризм басқармасы мен AirAsia әуе алпауытының бірлескен жобасы аясында шет елдік саяхатшыларды Қазақстанның жүрегіне шақыруда, деп хабарлайды 01info.kz 

Адам аяғы үзілмейтін басты даңғылдарда орналасқан көрнекі жарнамаларда Іле Алатауының көз тартар пейзаждары мен Алматының бірегей атмосферасы бейнеленіп, AirAsia X компаниясының тікелей рейстері арқылы бұл сұлулықты өз көзімен көруге болатын қолжетімді мүмкіндіктер насихатталуда.

Осы заманауи имидждік науқан Алматыны әлемдік туризм картасындағы ең танымал бағыттардың біріне айналдырып, Оңтүстік-Шығыс Азиядан келетін қонақтар ағынын жаңа белеске шығаруды көздейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.