Жыл басынан бері Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын (ҚазҰЭК) пайдаланушылар саны 227 446 адамға жетті. Оқырмандар жалпы материалдарды 1,4 миллионнан астам рет қарап, авторлық құжаттарды 330 мыңға жуық рет жүктеген. Порталдың географиясы кең: оны Қазақстаннан бөлек Қытай, АҚШ, Ресей, Түркия және Франция сияқты әлемнің ондаған елінің тұрғындары белсенді қолданады.
Қазіргі уақытта кітапхана қорында 64 тілдегі 84 664 құжат сақталған. Мұнда кітаптар мен мақалалардан бастап, сирек кездесетін диссертациялар, аудио-видео материалдар мен архивтік деректер жинақталған. ҚазҰЭК — қазақстандық мазмұнды цифрлық форматта ұсынатын тұңғыш мемлекеттік портал. Жүйенің басты ерекшелігі — көру қабілеті бұзылған жандарға бейімделуі және кез келген пайдаланушының тіркелусіз-ақ толық мәтінді құжаттарды оқи алуында.
дереккөз: https://t.me/madenietaqparat