Жаңа Халықтық Конституция – Қазақстан халқының ортақ жеңісі!
Кеше Мемлекет басшысы Конституциялық комиссия мүшелерімен және Жалпыұлттық коалиция өкілдерімен бірге референдум нәтижелері бойынша жарияланған exit poll деректерімен танысты. Аталмыш деректерге сәйкес, азаматтардың басым бөлігі жаңа Конституция жобасын қолдады.
Бұл біздің қоғам реформаларды және әділетті Қазақстан қағидаттарын толық қолдайтынын көрсетеді.
Халқымыз жасампаз болашақты, демократиялық дамуды, қуатты мемлекеттік институттарды және ашық қоғамдық диалогты таңдады!
Құтты болсын, Қазақ елі!