Құрметті отандастар!
Бүгінде еліміз шешуші кезеңге қадам басты. 15 наурыз күні Қазақстанның келешек даму бағыты айқындалады. Бұл таңдау мемлекетіміздің ертеңіне тікелей әсер етеді.
Қоғамның сұранысы мен ұлттық мүдделерге сүйене отырып жасалған Халықтық Конституция еліміздің бүгінгі және ертеңгі ұрпағына сенімді даму жолын ашады. Бұл – Әділеттің, Дамудың, Бірлік пен Келісімнің Конституциясы. Бұл – жастарға жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашатын Конституция.
Біздің буын, яғни жастар, бұл үдеріске өз үлесін қосып жатқанын сезінуі керек. Дауыс беруіміз бен азаматтық белсенділігіміз арқылы біз адам таланты мен білімі еліміздің басты капиталы болып есептелетін жаңа кезеңін қалыптасуына атсалысамыз.
Біз Халықтық Конституциясын өзіміздің, отбасымыздың және ең бастысы – еліміздің болашағы үшін таңдаймыз. Патриотизм нақты әрекеттен басталады. Сондықтан алдағы референдумда Халықтық Конституциясын қолдау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.