Достық үйінде Жамбыл облыстық ҚХА Журналистер клубының жылдық қорытынды отырысы өтті. Іс-шараға облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды 01info.kz.
Жиында республикалық және облыстық семинар-тренингтер негізінде берілген тапсырмалардың орындалуы, этносаралық қарым-қатынасты нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау, сондай-ақ, өңірлік Ассамблея қызметін насихаттау жұмыстары туралы айтылды.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева белсенді журналистерді марапаттап, олардың кәсіби еңбегі мен шығармашылық жетістіктерін жоғары бағалады.
Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан да облыстық ҚХА жұмысына жылы лебіздер айтылып, өңірлік журналистер мен «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің қызметкерлері арасында орнаған тығыз байланыс туралы да ерекше аталып өтті.
Іс-шара журналистер қауымының кәсіби шеберлігін арттыруға, өңірлік ақпараттық жұмыстарды дамытуға және этносаралық татулықты насихаттауға бағытталған маңызды пікір алмасумен аяқталды.